UNDPKAZ UNDPKAZ 12d ago
Таулар және климат туралы бейнесабақ

Таулар және климат туралы бейнесабақ

«Тұрақты даму мақсаттары мен климаттық іс-қимылды ілгерілетуге арналған климаттық білім беру» («Климаттық сандықша») өңірлік жобасы аясында оқушылар мен мұғалімдердің климаттың өзгеруі мен қоршаған орта арасындағы өзара байланысты түсінуін арттыруға бағытталған бейнесабақтар топтамасы әзірленді. Топтама келесі үш тақырыптық бейнесабақтан тұрады: • «Биоалуантүрлілік және климат» – климаттың өзгеруінің экожүйелерге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне әсерін түсіндіреді, сондай-ақ биоалуантүрліліктің экожүйелердің климаттық өзгерістерге төзімділігін арттырудағы рөлін көрсетеді. • «Орман және климат» – ормандардың климатты реттеудегі, көміртекті сіңірудегі, экожүйелік қызметтерді сақтаудағы және климаттың өзгеруіне бейімделудегі маңызын қарастырады. • «Таулар және климат» – климаттың өзгеруінің тау экожүйелеріне, мұздықтар мен су ресурстарына әсерін, сондай-ақ таулы аумақтардың экологиялық тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі маңызын сипаттайды. Бейнесабақтар климаттық білім беруді қолдауға, оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға және қоршаған ортаға жауапты көзқарасын қалыптастыруға арналған қосымша білім беру құралы ретінде пайдаланылады.