UNDPKAZ UNDPKAZ 11d ago
Жаңартылған «Сайрамсу аңыздары» туристік маршрутының ашылуы

Жаңартылған «Сайрамсу аңыздары» туристік маршрутының ашылуы

Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) қолдауымен Батыс Тянь-Шань тауларының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде жаңартылған «Сайрамсу аңыздары» туристік маршрутының ашылуы өтті. Маршрутты жаңарту жұмыстары кіру тобын, тамашалау алаңдарын, өнер нысандарын, көрсеткіштер мен ұлттық парктің биологиялық алуантүрлілігі туралы ақпарат көрсетілген стендтерді орнатуды қамтыды. Барлық жайластыру элементтерінде жергілікті табиғи ландшафтқа және маршруттың мағыналық тұжырымдамасына барынша сәйкес келетін жергілікті табиғи материалдар пайдаланылған. Маршруттың кіру тобынан бастап толық айналып шығудың жалпы ұзындығы шамамен 16 км құрайды, соқпақ бойымен жоғары шығып төмен түсу жолы шамамен алты-сегіз сағат уақыт алады. «Сайрамсу аңыздары» маршрутының тұжырымдамасы адамды Батыс Тянь-Шань тауларының бірегей табиғатымен таныстыруға негізделген.