UNDPKAZ UNDPKAZ 314d ago
«Климат күтпейді» жазғы климаттық лагері: Қазақстан жастары орнықты болашақ үшін бірігуде

«Климат күтпейді» жазғы климаттық лагері: Қазақстан жастары орнықты болашақ үшін бірігуде

2025 жылғы 10-14 шілде аралығында Зерендінің көркем жерінде «Климат күтпейді» жазғы климаттық лагері өтті — бұл Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 40-тан астам оқушы мен 20 мұғалімді біріктірген білім беру бастамасы. Лагерь БҰҰДБ Қазақстандағы өкілдігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, Су ресурстары және ирригация министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі және Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ол климаттық білім беру саласында білім, идея және шабыт алмасу алаңы болды. Лагерьдің мақсаты — оқушылардың климаттың өзгеруіне саналы көзқарасын қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттер мен жобалық ойлауды интерактивті оқыту, топтық жұмыс және зерттеу арқылы дамыту. Төрт күн ішінде қатысушылар биоалуантүрлілік, климаттық осалдық, энергия тиімділігі және суды үнемдеу тақырыптарын зерттеді.